24 маусым 2019 | 13:26

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"34 адам Ордабасы аудандық орталық ауруханасының дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың барлығы тексерілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды

Қазіргі уақытта Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ - Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстар жайлы

"Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деп жазды Президент. 

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. 

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.94  course up  546.67  course up  5.21  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer