25 маусым 2019 09:59

Арыста жоғалған барлық бала табылды - Ішкі істер министрі

Дина Муратова Редактор

Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

"Балабақшадағы барлық бала эвакуацияланды. Олардың ішінде туыстарында болған балалар да бар. Барлық ата-ана іздестіріліп, оларға балаларын тапсырдық. Қазіргі уақытта еш арыз және шағым түскен жоқ", - деді Тұрғымбаев.  

Реклама
Реклама

Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралған еді.

Сондай-ақ Tengrinews.kz редакциясына бірнеше баланың суреті жолданған еді. Облыс басшысы Өмірзақ Шүкеев жарылыстың бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін мәлімдеген. 25 маусымда түнгі уақытта 117 баланың ата-аналарына тапысырылғаны хабарланды. Осыдан кейін де мың бала ата-анасына тапсырылғаны жайлы хабар тараған еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram