Арыста жоғалып кеткен екінші әскери қызметкер табылды және ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арыста жоғалып кеткен екінші әскери қызметкер табылды және ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алған жарақаттан келісімшартпен жұмыс істеп жүрген әскери қызметші аға сержант Әлімбеков қаза тапты, екінші жоғалған әскери қызметші табылды, қазір ол емдеу мекемесінде жатыр", - делінген хабарламада.
Қорғаны министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу тәжірибесі бар әскери қызметшілердің ішінен 9 сапер тобы жұмыс істеп жатыр. Аталған топтар аумақты жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту бойынша іс-шаралар кешенін орындайды.