15 қыркүйек 2019 | 10:31

Арыста қаза болған әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mod.gov.kz © mod.gov.kz

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы апталық іс-сапары барысында 24 маусым 2019 жылы Арыс қаласында әскери борышын өтеуде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің бапсасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы апталық іс-сапары барысында 24 маусым 2019 жылы Арыс қаласында әскери борышын өтеуде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің бапсасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Президенті - ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының 2019 жылғы 7 тамыздағы "Мемлекеттік наградалармен марапаттау" туралы жарлығы бойынша әскери борышын өтеу барысында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін аға сержант Бауыржан Әлімбеков пен сержант Әбдіқұл Ахметов II дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапатталды.

Әскери қызметшілер оқ-дәрі қоймасында өртті сөндіруге қатысып, әскери борыштарын адал атқарды. Әбдіқұл мен Бауыржан бір әскери бөлімде қызмет етті, жауапкершіліктері мол әрі ынталы болды, талап етілген жұмысты орындауға әрдайым аса жауапкершілікпен қарады.

Қызметтестері олардың әрқайсысы өзінің қызметтік міндеттеріне сай келетін кәсіпқойлығын, сондай-ақ ұжыммен қарым-қатынас орнатудағы ашықтығын және қарапайымдылығын естеріне алды.

Қаза болған әскери қызметшілерге бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Арыс әскери бөлімінің жеке құрамы әскери жолдастарын еске алу үшін салтанатты марш жүріп өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети