Арыстағы әскери қоймадағы бірнеше жарылыстан кейін медициналық көмекке жүгінгендердің 89-ы ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арыстағы әскери қоймадағы бірнеше жарылыстан кейін медициналық көмекке жүгінгендердің 89-ы ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының және аймақтық санитариялық авиацияның мәліметінше, Шымкентте медициналық көмекке жүгінген 89 адам ауруханаға жатқызылған. 37 адам Түркістан облысынан. Жалпы медициналық көмекке 165 адам жүгінген. Оның ішінде 76 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар амбулаториялық емделуге жіберілген. Ал 89 адам емханада жатып емделелді.
Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 18 бала, 13 жүкті әйел, сондай-ақ 5 жаңа босанған әйел бар. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайдан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем көмегінің 22 бригадысы жұмылдырылған. Олар Арыс, Ордабасы ауданы, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларында.
Еске салайық, 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған. Тұрғындар жаппай қаладан шығып кетіп жатты. Кейін қала толықтай эвакуацияланды. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.
Кейін Арыс қаласына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барып, атқарылған жұмыстармен танысып, зардап шеккендермен кездескен еді.