Арыстағы жарылыс: 89 адам ауруханада жатыр

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Арыстағы әскери қоймадағы бірнеше жарылыстан кейін медициналық көмекке жүгінгендердің 89-ы ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Арыстағы әскери қоймадағы бірнеше жарылыстан кейін медициналық көмекке жүгінгендердің 89-ы ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының және аймақтық санитариялық авиацияның мәліметінше, Шымкентте медициналық көмекке жүгінген 89 адам ауруханаға жатқызылған. 37 адам Түркістан облысынан. Жалпы медициналық көмекке 165 адам жүгінген. Оның ішінде 76 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар амбулаториялық емделуге жіберілген. Ал 89 адам емханада жатып емделелді. 

Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 18 бала, 13 жүкті әйел, сондай-ақ 5 жаңа босанған әйел бар. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайдан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем көмегінің 22 бригадысы жұмылдырылған. Олар Арыс, Ордабасы ауданы, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларында.

Еске салайық, 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған. Тұрғындар жаппай қаладан шығып кетіп жатты. Кейін қала толықтай эвакуацияланды. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Кейін Арыс қаласына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барып, атқарылған жұмыстармен танысып, зардап шеккендермен кездескен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer