Арыстағы жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласында екі адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласында екі адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Арыс қаласындағы оқиға орнына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өкінішке орай, қаза болғандар бар: бір азамат және бір әскери қызметші. Туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі", - деді премьер-министр үкімет отырысында. 

Қорғаныс министрлігінің өкілдері қаза тапқан екінші адамның аты-жөнін жариялады. 

"Биыл 24 маусымында Арыс қаласында оқ-дәрілердің жануы және одан кейінгі жарылыстар салдарынан келісімшартпен жұмыс істеп жүрген әскери қызметшісі аға сержант Б. М. Әлімбеков қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген ведомство хабарламасында.

"Біз екі адамның қайтыс болғанын растай аламыз. Бір азамат - Арыс қаласының тұрғыны болған. Снаряд оның көлігіне түскен, ол тым ауыр жарақат алған. Екіншісі - Қорғаныс министрлігінде келісімшартпен қызмет етіп жүрген әскери қызметші. Оның денесі іздеу шаралар барысында әскери бөлімшенің жанынан табылды", - деді Ильин үкімет кулуарында. 

Еске салайық, 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған. Тұрғындар жаппай қаладан шығып кетіп жатты. Кейін қала толықтай эвакуацияланды. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Кейін Арыс қаласына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барып, атқарылған жұмыстармен танысып, зардап шеккендермен кездескен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer