Арыстағы жарылыстың алдын ала себептері аталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Бас әскери прокуратура басшысының орынбасары Дархан Ержанов құқық қорғау органдары Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қандай нұсқалар қаралып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бас әскери прокуратура басшысының орынбасары Дархан Ержанов құқық қорғау органдары Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қандай нұсқалар қаралып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі уақытта алдын ала нұсқалар қаралып жатыр, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтамауда бар. Бұл электр сымдарының қысқа тұйықталуы немесе тез тұтанғыш заттардың өртенуі: қураған ағаштар, жанар-жағар май  материалдары, сондай-ақ - лауазымды қызметтегі тұлғаларадың салғырттығы және басқалары. Сондай-ақ оқ-дәрілері бар қоймалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі тексеріледі, жарылғыш заттардың дұрыс жиналуы, қоймаларда анықталған бұзушылықтарды дер кезінде жоюы. Егер олай болмаса, онда жекелеген әскери қызметшілердің әрекетсіздігі туралы мәселе туындайды", - деді Дархан Ержанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Арыстағы жарылыстарға байланысты 100-ден аса адамнан сұрау алынған. 

Ол Арыс қаласындағы оқ-дәрілердің жарылысы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"ҚР қылмыстық кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес "абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет, Қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен, радиоактивтi материалдармен, жарылғыш немесе айналасындағыларға аса қауіп төндіретін өзге де заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу" бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы дерекке қатысты ІІМ тәжірибелі мамандарынан жасақталған жедел тергеу тобы құрылды", - деді Ержанов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro