Арыстың 39 мың тұрғыны өз бетімен қаладан шығып кеткен, 3 мыңға жуығы эвакуацияланған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арыстың 39 мың тұрғыны өз бетімен қаладан шығып кеткен, 3 мыңға жуығы эвакуацияланған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта снарядтар ұшып жатқандықтан әскери бөлім қоймасындағы өртті сөндіру қиын болып отыр. Сондықтан қаладан 41 мыңдай адам шығып кетті: 39 мыңы өз бетімен шықса, 2815-і эвакуацияланды", - деп хабарлады Тұрғымбаев.
Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған болатын. Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапқан: бір әскери қызметкер мен бір қала тұрғыны.
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.