Арыс қаласы қысқа мерзімде қалпына келтіріледі - Үкімет басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласы қысқа мерзімде қалпына келтіріледі - Үкімет басшысы © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында вице-премьер Жеңіс Қасымбектің, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдай орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар және зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету туралы баяндамалары тыңдалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Барлық күш жұмылдырылды. Арыс қаласының тұрғындары көшірілді, - деді Асқар Мамин. - Өкінішке орай екі адам қаза тапты. Жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын".  

ҚР премьер-министрі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғын үйлерге, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға, қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандарға тигізілген залал бағаланатынын айтты.

"Арыс қаласының тұрғын үй қоры және инфрақұрылымы қысқа мерзім ішінде қалпына келтіріледі", - деді Үкімет басшысы.

Қажетті қаражат бөлініп, тиісті шешімдер қабылданады.   

"Еліміздің барлық азаматын Арыс қаласының тұрғындарының жағдайы алаңдатуда, қолдан келген көмектерін ұсынып жатыр. Осыған орай, Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында қаражат жинау бойынша "Нұр Отан" партиясының бастамасын қолдауға шақырамын", - деді Асқар Мамин.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети