Арыс қаласында үйлерді қалпына келтіре бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласында үйлерді қалпына келтіре бастады

Арыс қаласында әскери полигондағы жарылыстың соққы толқынынан зақымдалған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 247 жеке үй жөнделіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бастаған жұмыс тобы техникалық тексеру жүргізіп, Арыс қаласында үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану дәрежесін анықтады.

Сапар барысында Комитет басшылығы мен мамандары арасынан құралған комиссия Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85 пайыз жөндеу және қалпына келтіруді талап ететінін анықтады. 752 жұмысшының қатысуымен 80-нен астам құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарын бастады.

Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін қалпына келтірілуі тиіс. Еске салайық, Түркістан облысының әкімдігі Арысты 17 секторға бөлді. Осылайша, елдің әрбір аймағы  және Республикалық маңызы бар қалалар бекітілген учаскелерге құрылысшылар бригадасын жіберіп, қаланы қалпына келтіруге қатысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети