Арыс қаласының 65 пайызы снарядттан тазартылды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласының 65 пайызы снарядттан тазартылды Сурет ©Tengrinews.kz

Арыс қаласы аумағының 65 пайызы жарылғыш заттардан тазартылды. Саперлер 6 мыңнан астам оқ-дәрі тауып, оны зиян келтірмейтіндей етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласы аумағының 65 пайызы жарылғыш заттардан тазартылды. Саперлер 6 мыңнан астам оқ-дәрі тауып, оны зиян келтірмейтіндей етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат 16.00-де қала аумағының 65 пайызын тазарту аяқталған еді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда. Алайда, бұл жұмыстар тұрғындар қалаға кірмей тұрып аяқталады", - деп мәлімдеді Түркістан аймағындағы брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев.

Оның айтуынша, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін шамамен 2,5 мың әскери қызметкер, 160 бірлік техника жеткізілді.

"Минаны алып тастау үшін 45 топ құрылды, ал жалпы саны шамамен 500 адамды құрайтын екі жару командасының қызметкерлері жұмыс істеді. Қала аумағын үш күндік жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары кезінде, 6000-нан астам оқ-дәрілер тәркіленіп, тасмалданды", - деді Құрманбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети