Арыс тұрғындарына 100 мың теңгеден беріледі

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс тұрғындарына 100 мың теңгеден беріледі

Арыс тұрғындары бір ай ішінде 100 мың теңгеден алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс тұрғындары бір ай ішінде 100 мың теңгеден алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановқа сілтеме жасап.

"Арыс қаласының әрбір тұрғынына бір ай ішінде 100 000 теңге аударылады. Арыс қаласындағы кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 000 000 теңге несие беріледі. Арсенал 2 апта ішінде қаладан көшіріледі", - деп жазды Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында.

Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен халықтың жай-күйімен танысуға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин арнайы келді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Премьер-министр облыс басшысы Ө.Шөкеевпен бірге снарядтан зақым келген тұрғын үйлер мен 4 қабатты қалалық аурухананы, халыққа қызмет көрсету орталығын және Көктем шағынауданындағы И.Журба атындағы орта мектепті аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, күні кеше үйлеріне оралған арыстықтармен сөйлесіп, оларға тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Содан кейін Премьер-министр Арыс қаласына берілуі тиіс көмекті талқылау мақсатында үкіметтік комиссия отырысына қатысты.

Жиналыста Асқар Мамин Арыста тұратын әрбір тұрғынға, яғни 44 781 азаматқа Үкіметтен 100 мың теңгеден берілетінін айтты. Сондай-ақ, қала 1 ай көлемінде толық жөндеуден өтетінін жеткізді. Бұдан өзге, арыстық кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетінін болды.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Арыс қаласында жаңа аурухана салынып, 4 мыңнан астам бала жазғы демалысқа баратынын баяндады. Ең бастысы, қаладағы әскери арсенал 2 аптада басқа аймаққа көшірілетіні жөнінде шешім қабылданды.

Мұның алдында ол Арыс қаласында жарылыс салдарынан зардап шеккендерге арналған уақытша лагерь ашылғанын хабарлаған. Онда 800 ұйықтайтын орын, балаларға арналған демалыс жерлері бар және ыстық тамақ беріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети