Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды © Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан бүлінген. Осылайша 27 үй толықтай қайтадан салынатын болды.

"Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторлардағы жөндеу жұмыстарына республиканың 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170 арнайы бригада келіп, 1194 құрылысшы іске кірісті. Олар тұрғын үйлерді бағалау жұмыстарын жүргізіп, 435 үйге жөндеу жұмыстарын бастап кетті", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети