Арыста қаза тапқандар саны көп деген хабарламалар жалған - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста қаза тапқандар саны көп деген хабарламалар жалған - ІІМ © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны үшеу екендігін ресми түрде растайды. Әлеуметтік желі арқылы қайтыс болған адамдар саны одан да көп деген қауесет ақпараттардың жалған екендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны үшеу екендігін ресми түрде растайды. Әлеуметтік желі арқылы қайтыс болған адамдар саны одан да көп деген қауесет ақпараттардың жалған екендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының полиция Департаменті қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқандары үшін екі әйел адамды ұстады. Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 247 бабыбының 1 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылады.

Соңғы тәуліктер бойынша аталған баппен 3 дерек тіркеліп отыр.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларын сұрайды.

Еске сала кетейік, ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады. 

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, оның бәрі эвакуацияланған. Қайғылы оқиғадан қала тұрғыны ауыр жарақат алып, қаза тапқан, оның көлігіне снаряд түскен. 25 маусымда бір әскери қаза тапқан, оның денесі қоймалар маңынан табылған. 26 маусымда тағы бір әскеридің қаза тапқаны анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети