Арыста тағы бір төтенше жағдай болды: 4 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста тағы бір төтенше жағдай болды: 4 адам зардап шекті

13 қыркүйекте Арыс қаласының аумағында болған төтенше жағдай салдарынан төрт әскери адам жарақат алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 қыркүйекте Арыс қаласының аумағында болған төтенше жағдай салдарынан төрт әскери адам жарақат алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әскери қызметшілер қойманы оқ-дәрі бөлшектерінен тазарту бойынша жоспарлы жұмыстарды орындау кезінде жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарды орындаған келісімшарт қызметінің төрт әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы әскери клиникалық госпитальға жеткізілді. Осы дерек бойынша әскери полиция тексеріс жүргізеді. Бейбіт тұрғындарға қауіп болған жоқ, жағдай бақылауда", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері Арыс қаласында және оқ-дәрілерді сақтау объектілеріне іргелес жатқан аумақтар тазартылғаннан кейін оқ-дәрі бөлшектерінің негізгі бөлігі әскери бөлімнің аумағында орналасқанын және бейбіт тұрғындарға еш қауіп төндірмейтінін еске салады.

"Сонымен қатар, әскери қызметшілердің әскери бөлім ішіндегі оқ-дәрілердің бөлшектерін жинау және жою жұмыстары белгілі бір уақытта атқарылатынын айта кету керек. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі ресми дереккөздерге сенім білдіруді және расталмаған ақпаратты таратпауды сұрайды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі күдікті заттар табылған кезде дереу 102 нөмірі бойынша хабарласу керектігін, ешқандай әрекет жасамау керектігін ескертеді", - дейді министрлік өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети