Арыстағы төтенше жағдай: 136 үй қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстағы төтенше жағдай: 136 үй қалпына келтірілді © primeminister.kz

2019 жылғы 6 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 271 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазір 1,6 мың жеке тұрғын үй құрылысы және көп пәтерлі тұрғын үйлер объектілерінде 150 құрылыс компаниясы жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша 33 үй қайта салынады. Арысты қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалар қатысады. Құрылыс алаңдарында барлығы 3000-нан астам құрылысшы еңбек етеді. 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс ауданындағы үйлердің 85 пайызы жөндеуді қажет етеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс. 

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети