Полиция қазақстандықтарды шыршаларды онлайн сатып алғанда сақ болуға шақырды. Мерекелер қарсаңында алаяқтық оқиғалары жиілеп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді.
"Әлеуметтік желілерде бағасы арзан шыршаларды сату туралы хабарламалар пайда болады. Олар әдемі фотосуреттерді пайдаланып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақша аударылғаннан кейін "сатушылар" байланысты бірден үзеді", - делінген хабарламада.
Полиция ескертеді:
- Белгісіз немесе жаңадан ашылған парақшалардан тауар сатып алмаңыз;
- Алдын ала төлем жасаудан, әсіресе жеке банктік карталарға ақша аударудан бас тартыңыз;
- Пікірлерді, жарияланымдарды және аккаунттың тіркелген күнін мұқият тексеріңіз;
- Нақты мекенжай мен байланыс нөмірінің бар-жоғын анықтаңыз;
- Өте төмен баға немесе төлемді жедел жасауға шақыратын ұсыныстарға сақтықпен қараңыз;
- Күмән пайда болса, сатып алудан бас тартқан жөн.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!