Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-вице-министр Нұржан Әлтаевқа аса ірі көлемде пара алды деген дерек бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-вице-министр Нұржан Әлтаевқа аса ірі көлемде пара алды деген дерек бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлтаевқа Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмыс бойынша айып тағылды. Сот жабық есік жағдайында өтті.
"Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін А.Мырзахметовтен жалпы қамқорлық жасағаны және "Атамекен" ҰКП мүддесін лоббилеу үшін делдал арқылы пара ретінде жалпы сомасы 50 миллион теңгеден (115 мың доллар және 8 миллион 150 мың теңге) аса қаражат алды деп айыпталып отыр.
Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтары, ұялы телефон арқылы жазылған хат, жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамалары, сараптама қорытындылары, заттай дәлелдемелер және т.б. арқылы дәлелденді", - деді сот.
Прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы ақтауды сұрады.
"Сот балаларының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Оның берген антын бұзу жауаптылықты ауырлататын мән-жай болды.
Сот үкімі бойынша, экс-вице-министр А. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот қаулысында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!