Аса ірі көлемдегі алаяқтық: күдіктілердің 240 миллион теңгеден асатын мүлкіне бұғат қойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Қаскелеңде көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Қаскелеңде көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу кезінде "Tоредо" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары құрылысқа рұқсатсыз – яғни лицензиясыз, қажетті құжаттарсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз – жұмыс істегені белгілі болды.

Соған қарамастан, олар "НOME", "НOME Южный", "НOME SAU", "НOME МAK" тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалаған.

"Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі болмағанына қарамастан, олар жарнама арқылы 100-ден астам азаматтан 972 миллион теңге жинаған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл жағдай үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болды.

"Сот санкциясымен күдіктілердің 240 миллион теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer