12 шілде 2023 | 14:48

Асайын Байханов Павлодар әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов. Фото: t.me/KZgovernment Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов. Фото: t.me/KZgovernment

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың ұсталуына қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың ұсталуына қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ОКҚ-де өткен брифингте журналистер облыс әкімінен Павлодар әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікірін сұрады.

"Б9л туралы мен сіздер білетінді ғана білемін. Бағаны тергеу мен сот беруі керек. Сондықтан тергеудің аяқталуын және сот шешімін күту керек", - деді Асайын Байханов.

Байхановтың айтуынша, ол қала әкімі болып тұрған кезде Қалияқбаров тұрғын үй-коммуналдық шарушылық бөлімінің басшысы ретінде өз жұмысын адал атқарған.

"Өз басым, қала әкімі болып тұрған кезімде Қалияқбаровтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы болғанын ғана айта аламын. Сол кезде жүктелген қызметті адал, жауапкершілікпен атқарды. Жалпы оған не болғанын білмеймін. Қазақта "семіздікті қой ғана көтереді" деген сөз бар. Кейде адамдар өзгереді. Менің ойымша, мемлекеттік қызмет, жалпы қай жерде де жоғары лауазым - үлкен жауапкершілік, әрқашан сынақ. Өздеріңіз білетіндей, кез келген сынақтың нәтижесі не жаза, не марапат болады", - деді облыс әкімі Байханов.

Еске сала кетейік, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары пара алып ұсталған болатын. Осыған дейін биыл наурызда Арслан Қалияқбаровқа мемлекеттік сатып алудағы заңбұзушылықтар үшін 4,1 миллион теңге айыппұл салын5ан. Шенеунік қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарған кезде жасалған. Қалияқбаров 2022 жылы жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге жуық арнайы тәсілімен 17 тікелей мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны хабарланды. Арслан Қалияқбаров Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметіне биыл қаңтарда тағайындалған болатын. Ол осыған дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети