Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда қонақтарына жолдаған видеоүндеуінде туристер үшін барлық жағдайды жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда қонақтарына жолдаған видеоүндеуінде туристер үшін барлық жағдайды жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті достар, сіздерді Қазақстан астанасында көруге қуаныштымыз. Ертең халықаралық EXPO-2017 көрмесі ашылады. Әлемнің 115 елінен келген 2 миллионнан аса туристі күтіп отырмыз. Туристеріміз үшін барлық қолайлы жағдайды жасап, осы көрменің олардың естерінде мәңгілік сақталып қалуы үшін барлығын жасаймын. Астанаға қош келдіңіздер!", - деді Әсет Исекешев.
Әкімнің айтуынша, көрме кезінде 200-ден аса мейманхана мен мейрамханалар жұмыс істейді.
"Тамаша мәдени және спорттық бағдарлама дайындадық. Түрлі саладағы 600-ден аса іс шара өтеді - цирк, опера, театр, джаз, рок. Фестивальдер өтеді, театрлар, саябақтар, спорттық чемпионаттар өткізіледі", - деді Исекешев.
Сондай-ақ, әкімнің видеоүндеуінде танымал спортшы Сабина Алтынбаева, скрипкашы Айман Мұсахаджаева, Назарбаев университетінің ректоры Шигео Катцу мен басқа да адамдар сөз сөйлейді.