03 мамыр 2018 15:49

Әсет Құрманғалиев вице-министр қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Әсет Құрманғалиев ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды. Ол "Қазақстан Инжиниринг" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әсет Құрманғалиев 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1993 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы "Карагандапромстрой" өндірістік автокөлік кәсіпорнында автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь болып бастаған. 1984-1986 жылдары - КСРО Қарулы Күштерінде әскерде қызмет еткен. 1990-1998 жылдары - кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.  

1998-2015 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері, "Нұр Отан" ХДП құрылымдарында әр түрлі қызметте болған. 2015-2016 жылдары жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істеген.

2017 жылғы ақпан айынан бастап қыркүйегіне дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып қызмет еткен.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети