Әсет Мағауов жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әсет Мағауов жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлының бұйрығымен Мағауов Әсет Маратұлы 2017 жылғы 4 желтоқсанда "KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ бас директоры қызметіне тағайындалды", - делінген қауымдастықтың сайтында.
Әсет Мағауов 1994 жылы И.М. Губкин атындағы Москва мұнай-химия және газ өндірісі институтының ЖЭК саласындағы экономика және басқару факультетін аяқтады.
Халықаралық Валюта Қорынан және Азия Даму Банкінен тағылымдамадан өтті.
1994-1998 жылдары - экономист, "Теңізмұнайгаз" АҚ жоспарлау-экономикалық талдау бөлімі бастығының орынбасары;
1998-2001 жылдары - ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінде еңбек етті;
2001 жылы - "Қазақойл" ҰМК» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің бас менеджері,
2001 – 2001 жылдары - "Мұнай және газ транспорттау" ҰК" АҚ сервистік жобалар департаменті директорының орынбасары;
2002-2004 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ ТШО-дағы үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары, департамент директоры;
2004-2006 жылдары - "Теңізшевройл" ЖШС бас директорының орынбасары;
2006-2008 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-дегі үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;
2010 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі;
2011-2012 жылдары - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры;
2012-2016 жылдары - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры;
2016-2017 жылдары - ҚР энергетика вице-министрі.
04.12.2017 ж. бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.