“Асфальт үшінші рет төселіп жатыр“: әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Асфальт үшінші рет төселіп жатыр“: әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді Жазба авторы @kostyanoyy фотосы

Алматы тұрғындары Үлкен Алматы өзенінің жағалауына асфальттың қайта төселуін талқылап жатыр. Қала тұрғынының айтуынша, екі айдың ішінде бір учаскедегі жабын осымен үшінші рет ауыстырылып жатқан көрінеді. Әкімдік бұл жағдайға қатысты не дейтінін Tengrinews.kz тілшісі сұрап білді.


"Бұл тіпті күлкілі емес": не болды?

Әлеуметтік желілерде Үлкен Алматы өзенінің бойында асфальттың кезекті рет ауыстырылғанына шағымданған Алматы тұрғынының жазбасы пайда болды.

Автордың айтуынша, асфальт нөсер жаңбырға еш зақымсыз шыдас берген, бірақ соған қарамастан оны ауыстыру туралы шешім қабылданған.

"Бұл тіпті күлкілі емес. Кейінгі екі айға жетпес уақыт ішінде Үлкен Алматы өзенінің бойындағы асфальт осымен үшінші рет қайта төселіп жатыр. Маған және өзге де тұрғындарға екінші жыл қатарынан жаңартылып жатқан инфрақұрылымды шексіз жөндеу режимінде емес, тыныш пайдалануға мүмкіндік беріңіздерші. Егер нақты мәселелерді шешіп жатса: шөккен көпірлерді, жұлынған плиталарды, өзен арнасындағы зақымдарды жөндесе, түсінер едім. Бірақ ештеңе болмаған, бүп-бүтін асфальтты не үшін қайта қопарып, төсеп жатыр?" – деп жазды ол.

Сондай-ақ автор қайталанған жұмыстардың кімнің есебінен жүргізіліп жатқанына қызығушылық танытты.

Tengrinews.kz жарияланым авторымен байланысқа шықты. Оның айтуынша, 1 шілдеде бұл учаскеде жаңа асфальт төселіп қойған болатын. Ол серуендеп жүргенде түсірген суретімен бөлісті. Кейінірек жұмысшылар жабынды тағы да қопарып тастаған.

Пост авторы @kostyanoyy түсірген фото

Тұрғындар не ойлайды?

Жазба тез арада ондаған пікір жинады. Бірқатар қалалық мердігер жұмысты бастапқыда сапасыз атқарғандықтан, енді бәрін қайта жасауға мәжбүр деп санайды. Ал басқалары бірнеше жылға созылған реконструкциядан шаршағандарын айтады.

  • "Жағалау бойындағы бұл жұмыстардың жүріп жатқанына екі жыл болды, әлі аяқталатын түрі жоқ"

Бұған қатысты әзілдеп жауап бергендер де болды.

  • "Қызық адамдарсыздар, ол асфальт жаңбырдан кейін су болып қалды ғой, сондықтан жаңа, құрғақ асфальт төседі! Бұл сіздерге деген қамқорлық қой!"
  • "Асфальтты 3 рет төсеп, қайта алса, ол мықты болады және оны төсеп жатқандарды бірнеше есе байытады дейді"

Әкімдік жағдайды қалай түсіндірді?

Алматы қалалық Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы асфальттың анықталған кемшіліктерге байланысты қайта төселіп жатқанын түсіндірді.

Ведомство барлық шығынды мердігер көтеретінін айтты.

"Құрылыс барысында нысанның жекелеген учаскелеріндегі асфальт-бетон жабынының сапасына қатысты ескертулер анықталды. Осыған байланысты мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті нұсқамалар берілді. Барлық жұмыс келісімшарттық және кепілдік міндеттемелерді орындау аясында тек мердігер ұйымның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Аталған жұмыстарды орындауға бюджеттен қосымша қаржыландыру қарастырылмаған", – деп хабарлады басқарма.

Неліктен Үлкен Алматы өзенін реконструкциялау әлі аяқталмаған?

Ведомство өкілдері қайта жаңарту жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын атап өтті. Нысан әзірге пайдалануға берілмегендіктен, мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп, ескертулерді жоюмен айналысып жатыр.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, мамандар құрылыс барысын бақылауда ұстап отыр және мердігер анықталған барлық кемшілікті толық жоймайынша, нысанды қабылдап алмайды.

Үлкен Алматы өзенінің арнасын реконструкциялауға тендер 2024 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған болатын. Келісімшарт сомасы 7,143 миллиард теңгені құраған.

Жағалауды реконструкциялауды 2026 жылдың мамырына дейін аяқтау жоспарланған еді. Алайда жұмыстар кешіктірілді. Бостандық ауданы әкімдігінің мәліметінше, маусым айына қарай нысанның дайындығы шамамен 90 пайыз болған. Мерзімдердің бұзылуына байланысты Экология басқармасы мердігер – "Павлодар өзен порты" АҚ үстінен сотқа талап арыз түсірді.

Бұған дейін Tengrinews.kz тілшілері Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін өзен бойымен жүріп өтіп, көптеген кемшіліктерді көзімен көрді: зақымдалған асфальт, тұтқасы жоқ баспалдақтар, жаңалардың жанындағы ескі тот басқан конструкциялар, пандустардың жоқтығы және жабынға "батып кеткен" люктер. Толығырақ – осы жерден оқыңыз.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +33
Ақтау +30
Ақтөбе +29
Атырау +31
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +27
П
Павлодар +23
Петропавл +33
С
Семей +31
Т
Талдықорған +35
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер