Алматы облысындағы Дәулет ауылындағы мектеп оқушыларының ата-аналары мектеп асханасындағы жағдайға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысындағы Дәулет ауылындағы мектеп оқушыларының ата-аналары мектеп асханасындағы жағдайға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылының тұрғыны ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін, кәріз суы тартылмағанын айтып шағымданды. Оның айтуынша, жақында ғана салынған мектеп қазірдің өзінде жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, мектептің кәрізі жалпы желіге қосылмағандықтан, қоқыс шұңқырын пайдаланады. Одан шыққан жағымсыз иіс балалар түскі ас ішетін мектеп асханасына таралады.
"Дәулет ауылының мектеп асханасындағы сасық иісті байқамау мүмкін емес. Шұңқырдан шыққан нәжістің иісі мұрынды бітейді. Мұндай жағдайда балаларды қалай тамақтандырады? Мектеп директоры мен тексеру орындары қайда қарап отыр? Мектепте жөндеу жұмыстары қашан басталады? Уақыт өтіп жатыр, оқушылардың сабақтары қысқаруда. Үшінші жылы қатарынан балалар толық білім алмайды. Неліктен мектептің кәріз жүйесін ауылдың жалпы кәріз жүйесіне қоспайды", - деп сұрақ қояды тұрғын.
Оның айтуынша, мектепке әкімдік пен Білім министрлігінен жауаптылар келгенімен, мәселе шешілмеген.
"Шағымға орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасымен оның білім жөніндегі орынбасары Нұржан Құдайбергенов аталған жерге аттанып кетті. Мамандармен бірге кәріз жүйесі тексеріліп, нәтижесінде анықталған ақаулар жойылды. Мектептің септиктері сорылып, тазартылды", - делінген Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!