13 қыркүйек 2020 | 17:29

Асхат Аймағамбетов балалық шағын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Отбасы күнінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол естелігін Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Отбасы күнінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол естелігін Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін – Отбасы күні. Бұл мереке елімізде бірнеше жылдан бері қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі. Әдетте жеке өмірім туралы айтпайтынмын, бірақ бүгін жазуды ұйғардым. Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім: менен бөлек отбасымызда тағы бес бала бар. Әкем 6 жасымда қайтыс болды, кейін анамызға барлық ауыртпашылықты еңсеруге тура келді. Сол кезде анам 40 жасқа да толмаған еді, бірақ маған жасы келген кісі сияқты көрінетін. Оны өзің сол жаста болғанда ғана жақсы түсінеді екенсің", - деді министр.

Ол анасының қалай қиындық көргенін жазды.

"Одан кейін қиын кезең, 90-жылдар басталды. Анамызға өте қиын болғанын білемін. Ауылда тұрдық, анамыз жұмыстан бөлек бізбен, шаруашылықпен айналысты.  Бір-бірімізге көмектестік. Су тасыдық, шаруашылыққа араласып, малға шөп дайындадық, пеш жақтық. Үйдегі ересектер артынан ерген бауырларына үйретті, ал кішілер үлкендерге көмектесті. Бұл қиын кезеңнің маған үйреткені мол, әсіресе жақындарымның, отбасымның қаншалықты қымбат екенін ұғындырды", - деді ол.

"Мен – екі баланың әкесімін. Жұмыстан кейін балаларың мен жарың үйде қарсы алғанда барлық қиындықты ұмытасың. Әңгімелесіп, балалармен бірге ойнағаннан шаршағаның басылады, рақаттанып қаласың. Жігерлендіріп, күш-қайрат беретін де – отбасым. Жақындарымызды бағалайық. "Отан отбасынан басталады" дейді дана халқымыз. Әр отбасының дамуы арқылы еліміз де гүлдене береді. Мереке құтты болсын, достар!
Барлығыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке тілеймін", - деп бөлісті білім министрі.

Еске салайық, Бүгін - Отбасы күні. 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп бекiттi.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer