25 наурыз 2020 | 11:35

Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол оқушылардың 16 наурыздан бастап 21 күнге созылған көктемгі каникулы басталғанын еске салды.

"Бұл күндерді қызықты әрі танымды өткізу өте маңызды. Оның үстіне, ата-аналардың көбі үйде болғандықтан бұған көмектесе алады. Менің ұлым 4-сыныпта білім алады, ол кітап оқығанды өте жақсы көреді. Оқу жылының басынан бері біз бірге "Робинзон Крузо", "Том Сойердің оқиғалары", "Менің атым - Қожа", "Көшпенділер" трилогиясын оқып шыұтық, ал "Капитан Грантаның балалары" біздің сүйікті кітапқа айналды. Бізге сондай-ақ, Ежелгі Грекия мен Мысырдың аңыздарын оқыған ұнайды", - деді ведомство басшысы.

Министр оның балалық шағындағы сүйікті әдебиет жанры ғылыми фантастика болғанын айтты.

"Бұл көп ұзамай ғылыми әдебиетке қызығушылығымды ашты. Сондықтан балаларды осы жанрға тарту өте маңызды деп есептеймін. Баланы өзіңіз оқыған сүйікті туындылармен таныстыруға тырысыңыз. Ол мектептен тыс кітап көп оқыған сайын, оған оқу бағдарламасы оңайға соғатынын ұмытпаңыз", - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Аймағамбетов отбасымен видео сабақтар, тренинг, ғылыми тәжірибелер, TED-конференцияларды көруге ұсынды.

"Осы қиын кезеңде біз Интернет провайдерлерімен білім беру сайттарына кіру тегін болады деп келістік. Бұл қосымша білім беру ұйымдары, секциялар мен курстар жұмыс істемей тұрған уақытта өте өзекті. Сондай-ақ, бұл балаларды онлайн форматта білім алуға үйрету үшін жақсы мүмкіндік", - деді ол.

Министр каникулдан кейінгі оқу үдерісін ұйымдастыру туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, қазір қашықтан оқыту жүйесі тестілеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар, кей сабақтарды теледидар арқылы өткізу жоспарланған. 

"Менің бүгінгі жазғаным - білім министрінің емес, кенеттен пайда болған бос уақытты пайдамен өткізгісі келетін, балаларымен жақындаса түсуді қалайтын  әкенің ұсынысы. Өйткені, олардың қаншалықты бақытты болғаны тек бізге байланысты. Өзімізге және жақындарымызға қамқор болайық!"- делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети