Асхат Оралов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асхат Оралов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Асхат Оралов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асхат Оралов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Асхат Раздықұлы Оралов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2011 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

Әр жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, "Нұр Отан" партиясының филиалында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеді.

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети