"Аштан өлу керек пе?". Вакцинаға қарсы көрсетілімі бар алматылық базарға кіргізілмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Аштан өлу керек пе?". Вакцинаға қарсы көрсетілімі бар алматылық базарға кіргізілмеді

Алматы тұрғыны вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар қызы базарға кіре алмағанына шағымданды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар қызы базарға кіре алмағанына шағымданды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шағым Facebook-тегі "Защитим Алма-Ату" тобында жарияланды. 

Елена Окрут қызының Ashyq қосымшасында мәртебесі бейтарап екенін жазды, сонымен қатар, ол вакцинаға қарсы медициналық анықтамасын көрсетсе де базарға кіргізілмегеніне шағымданды.

"Оған екпе салдыруға болмайды, ал қарсы көрсетілім алу үшін қызым көптеген дәрігерден, сынақтан өтті, бұл оған вакцина алуға болмайтынын растады. Бірақ бүгін оны Тастақ базарына кіргізбеді. 

Енді қарсы көрсетілімі барлар аштан өлуі керек пе? Маған да салуға болмайды, онкология рецедиві бар. Мен қанша өмірім қалғанын білмеймін, оған қоса базардан азық-түлік сатып алуға кіргізбейді", - деп жазды алматылық әйел Facebook-те

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов жағдайға түсінік берді.

"Мәртебесі бейтарап және тұрақты қарсы көрсетілімі туралы анықтамасы бар адамдар демалыс күндері Ashyq нысандарына өте алады. 

Жұмыс күндері бейтарап және жасыл мәртебеге шектеу жоқ", - деді Байғабылов.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте Алматыда бас мемлекеттік санитария дәрігердің карантинді жеңілдету туралы жаңа қаулысы күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети