29 қыркүйек 2018 | 12:55

"Ашығын айтқанда бей-берекетсіздік" - Әкімдік Астана базарлары туралы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Турар Казангапов © Турар Казангапов

Астана базарларында тәртіп орнатыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана базарларында тәртіп орнатыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әкімдікте "Байқоңыр" ауданындағы "Алаш", "Шарын", "Сапар", "Әмір" және "Биг Шанхай" ірі базарлардың директорларымен жиналыс өтті.

Базар әкімшілігіне мемлекетке тиесілі жер телімдерінде заңсыз салынған құрылысты бірнеше күннің ішінде бұзу туралы нұсқама берілді.

Жүргізілген маниторинг нәтижесінде базарларда заңсыз салынған сауда және түрлі қызмет көрсететін 159 орын бар екені хабарланды. Оның ішінде 26 - павильон, 14 дүңгіршек, 81 контейнер, сондай-ақ, кафе-асхана, қалқалар, жапсарлас құрылыстар, биодәретханалар бар. 

"Әкімдік ақпараты бойынша осы орындарда жабайы сауда мен кассалық аппараттарды пайдаланбай, тіркеуден өтпеген сауда мен қызмет көрсету қызып тұр. Бұл нысандарда өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық нормалар сақталмаған, бұндай жағдай сатушылар мен сатып алушылардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіреді", - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, кейбір сауда орындары мемлекетке тиесілі жер телімдерінде салынған. Сонымен қатар, базар қожайындары мемлекетке тиесілі жерде салынған жаңағы сауда алаңдарын жалға беріп пайда тапқан.

Әкімдік бұл заңсыздықты бірден тоқтатуды және үш күннің ішінде заңсыз сауда орындарын базарға тиесілі жер теліміне көшіруді талап етті. Сонымен қатар, қала әкімдігі аталған базарлар аумағында құрылыс салу жоспарларын қарастырды.

Қазіргі кезде мақсатты қолдануы автотұрақ болуы тиіс жер телімдерінде сауда контейнерлері мен павилондар қойылған. "Егер ол жердің мақсатты қолданылуы автотұраққа арналса, онда сауда орындары емес автотұрақ болуы тиіс", - деді әкімдіктегілер.

Базар иелеріне өздеріне бөлінген жерді мақсатына қарай пайдалану туралы ескертпе берілді және жуық арада орындалуы тиіс. Сондай-ақ, жиында қалаға кіретін ірі жолдардың бірі Алаш тасжолындағы көлік жүйесіне тәртіп орнату мәселесі қаралды.

Әкімдік басшылығы базарлар аумағына кіретін жолдар схемасын қайта қарау керектігін және ол жүрдек магистраль қозғалысына кедергі келтірмеу керектігін айтты. Базарлар әкімшілігіне орталық кіреберіс есіктерді қарама- қайшы бетке ауыстыруды, ал көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сатып алушылар үшін ыңғайлы кірме жолдар, аялдама павильондарын орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.

"Біз барлығы тәртіпке сай және қала тұрғындары үшін ыңғайлы болуын қалаймыз. Сіздердің сауда орындарыңызға тұрғындардың көбі бармайды, себебі онда ашығын айтқанда бей-берекетсіздік орнады", - дейді әкімдіктегілер "Алаш", "Шарын", "Сапар", "Әмір" және "Биг Шанхай" базарларының иелері мен директорларына.

8 айда елордада 250 заңсыз салынған құрылыс бұзылды, оның ішінде 23 сауда павильоны, 4 тұрғын үй құрлысы, 143 металл гараж, 4 жапсырма, 74 контейнер мен 2 қоршау.

Сот шешімімен 37 құрылыс бұзылған, оның 29 - коммерциялық, 8-і тұрғын үй нысаны. Өзіне тиесілі емес жерге өз бетімен күрделі құрылыстарды салу, шектеулер қою мен сауда контейнерлерін орнату арқылы жер телімдерін кеңейту жолымен айналысқан "Орталық базар", "Көк базар", "Шарын", "Алаш" базарларындағы 5 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1 миллион теңге айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети