21 мамыр 2021 13:07

Ashyq мәртебеңізді қате көрсетсе не істеу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2,5 мың адам қоғамдық орындарда жүрген. Олар Ashyq қосымшасы арқылы анықталды. Алайда қосымша қате ақпарат көрсетіп, сіз коронавирус жұқтырмаған болсаңыз не істеу керегі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2,5 мың адам қоғамдық орындарда жүрген. Олар Ashyq қосымшасы арқылы анықталды. Алайда қосымша қате ақпарат көрсетіп, сіз коронавирус жұқтырмаған болсаңыз не істеу керегі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызыл" мәртебесі бар 2,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен адамдар. Олар вирус жұқтырғанын біле тұра ұшаққа отыруға немесе кафеге кіруге тырысқан. Нұр-Сұлтанда "қызыл" мәртебесі бар 50-ден аса адамға ұшаққа отырғызудан бас тартылды", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаменті директоры Бекболат Молдабеков.

Ол кеше, 20 мамырда Ashyq қосымшасынан ақау шыққаны туралы ақпаратқа түсінік берді.

"Ashyq-ты толығымен "Ұлттық ақпараттық технология" АҚ серверлеріне ауыстыруға байланысты техникалық ақаулар болды. Қазір ол мәселе толық шешілді. Қазір 1,6 миллион белсенді қолданушы бар және олардың саны артып жатыр. "Ұлттық ақпараттық технология" АҚ серверлеріне ауысу барлық жүктемені көтереді. Бүгіннен бастап мұндай проблемалар болмайды деген үміттеміз", - деді Молдабеков.

Ashyq қосымшасы жұмыс істемей қалса не істеу керек?

"Ashyq кеше жұмыс істемей қалған кезде, біз барлық нысанға хабарлап айттық және ешқандай кедергі болған жоқ. Әуежай адамдарды өткізді. Егер жүйе жұмысынан ақау шықса, ол адамдарға әсер етпейді. Әуежайлар бәрін өткізеді", - деді Молдабеков.

Егер ұшаққа отырғызу алдында Ashyq-қа қатысты мәселе туындаса не істеу керек?

"Біз алгоритмді пысықтадық, әр нысанда санэпидемқызмет өкілдері немесе телефон бар. Әуежайда арнайы бөлме бар. Онда дәрігерлер отырады. Мұндай қателіктер болмауы керек. Өйткені Ashyq, сіз ЖСН енгізгенде бірден Денсаулық сақтау министрлігі базасынан ПТР-сынамасы бойынша мәртебені анықтайды. Бірақ егер бірдеңе дұрыс болмаса, онда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мәселені дереу шешуге көмектеседі. Олар қарап, тексереді және жағдайды түзетеді", - деді Бекболат Молдабеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети