28 шілде 2021 17:53

Ashyq-та "қызыл" статус 14 күн сақталады - ДСМ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова екінші рет тапсырған ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетсе де, неге 14 күн карантинде отыру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова екінші рет тапсырған ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетсе де, неге 14 күн карантинде отыру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші сынама оң, ал екіншісі теріс нәтиже көрсетсе де Ashyq-та "қызыл" статус сақталады және ПТР-сынама тапсырғаннан кейін 14 күннен соң ғана өзгереді. Неге? Екінші сынама теріс нәтиже көрсетіп тұр ғой?", - деп сұрады журналист ОКҚ онлайн-брифингінде.

"Шынында да, мұндай норма бар. Егер бір рет ПТР-сынама оң болса, онда келесі ПТР-сынамаға қарамастан, міндетті түрде 14 күн ішінде ол тұрғынның Ashyq-тағы статусы "қызыл" болады. Мұның себебі, біріншіден, материал жинауға, таңдалған материалдарды сақтау және зертханада зерттеудің аналитикалық сатысында болуына байланысты.(...) Оң ПТР-сынама болған жағдайда да міндетті түрде 14 күн бойы бұл адам "қызыл" статуста қалады", - деп жауап берді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, адамдардың шамамен 20 пайызы симптомсыз түрде ауырады және вирусты тасымалдай алады.

"Тағы да, қайталайын симптомсыз өтетін вирус формалары бар. Бірақ бұл адамдар басқаларға жұқтырады", - деді Есмағамбетова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети