Әділ Тойғанбаев. © Ярослав Радловский
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы, Мәскеуде ұсталған Әділ Тойғанбаев "Еуропа елдерінің біріне кетуге бел байлап отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тойғанбаевтың адвокаты Николай Полозовтың айтуынша, бұған дейін Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Қазақстан азаматы болғандықтан Қырғызстанға экстрадицияланбаған. "Әділ Тойғанбаев - Қазақстан азаматы. Қырғызстан үкіметі оны "салық төлеуден жалтарды" және "қаржылық алаяқтық жасады" деп айыптап, халықаралық іздеу жариялаған. Бірақ бұған дейін Тойғанбаев шетелге шыққанда ешқандай мәселе туындамаған" дейді Николай Полозов. Еске салайық, Тойғанбаев Қазақстанда да ұсталған еді. Бірақ Қазақстан үкіметі өз азаматтарын үшінші елге экстрадицияламайтынын айтып, оны Бішкекке беруден бас тартқан. Айта кету керек, Әділ Тойғанбаев 2005 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр. Оның адвокатының айтуынша, Ресей билігі Тойғанбаевқа қатысты барлық құжаттарды Қазақстанға бермек. Ал Қырғызстанның Бас прокуратурасы Тойғанбаевтың ісі бойынша Қазақстанға 2007 жылы сұрау салған болатын. Қазір Мәскеуде тұтқыннан босатылған Әділ Тойғанбаев жолынан қалмай Еуропаға кетуді ұйғарып отыр.
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы, Мәскеуде ұсталған Әділ Тойғанбаев "Еуропа елдерінің біріне кетуге бел байлап отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тойғанбаевтың адвокаты Николай Полозовтың айтуынша, бұған дейін Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Қазақстан азаматы болғандықтан Қырғызстанға экстрадицияланбаған.
"Әділ Тойғанбаев - Қазақстан азаматы. Қырғызстан үкіметі оны "салық төлеуден жалтарды" және "қаржылық алаяқтық жасады" деп айыптап, халықаралық іздеу жариялаған. Бірақ бұған дейін Тойғанбаев шетелге шыққанда ешқандай мәселе туындамаған" дейді Николай Полозов.
Еске салайық, Тойғанбаев Қазақстанда да ұсталған еді. Бірақ Қазақстан үкіметі өз азаматтарын үшінші елге экстрадицияламайтынын айтып, оны Бішкекке беруден бас тартқан. Айта кету керек, Әділ Тойғанбаев 2005 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр.
Оның адвокатының айтуынша, Ресей билігі Тойғанбаевқа қатысты барлық құжаттарды Қазақстанға бермек. Ал Қырғызстанның Бас прокуратурасы Тойғанбаевтың ісі бойынша Қазақстанға 2007 жылы сұрау салған болатын.
Қазір Мәскеуде тұтқыннан босатылған Әділ Тойғанбаев жолынан қалмай Еуропаға кетуді ұйғарып отыр.