Асқар Әмрин елорда әкімінің орынбасары қызметінен кетеді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Әмрин елорда әкімінің орынбасары қызметінен кетеді

Асқар Әмрин Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетеді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Әмрин Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетеді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл қызметті 5 жылдан аса уақыт атқарғанын, 2 ақпанда оның осы лауазымдағы соңғы жұмыс күні болғанын айтты.

"Бірінші кезекте елорда тұрғындарына және қызмет бабымен азаматтарды қабылдауда, қаланы аралауларда, халықтың арасында, "Жанұя" орталығында, нысандарда бірге жұмыс жасаған, тілдескен, мәселелерді шешкен барша жанға алғысымды айтамын. Бұл - баға жетпес өмірлік тәжірибе", - деп жазды Әмрин.

Ол экономика және құқық қорғау органдары мәселелеріне, сонымен қатар, үлестік құрылыстың мәселе туындаған нысандарының қаржыландырылуын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік еткенін айтты.

"Мәселе туындаған нысан үлескерлеріне айтпағым: сіздермен бірге үлкен жұмыс атқардық, нысандардың көпшілігі тапсырылды, үлескерлер өз кілттерін алды, белгілі бір уақытты қажет ететін құжаттарды рәсімдеу жұмыстары ғана қалып отыр. ЕҚК әрі қарай да мәселе туындаған нысандарды аяқтау бойынша өз жұмысын жалғастырады және сіздер де көптен күткен үйлеріңізге қол жеткізесіздер!" - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Асқар Әмрин әріптестеріне алғысын білдіріп, мемлекеттік қызметтегі жұмыс үлкен еңбек екенін айтты.

"Ә.Ө. Исекешев, Б.Т. Сұлтанов, А.С. Көлгінов сияқты елорда әкімдеріне сенім білдіргендеріңіз үшін, бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын. Баршаңызға татулық пен жақсылық тілеймін!", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети