ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында цифрландырудың пайдалы тұстары жайлы мысал келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында цифрландырудың пайдалы тұстары жайлы мысал келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін жұмыс сапарымен Алматыда болдым. Қаланың цифрландыру бойынша даму қарқыны қуантты. Цифрландырудың қазақстандықтардың өмірін жайлы етумен қатар, қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселелерін нақты ойластыруға, сондай-ақ бюджет шығыстарын азайтуға септігін тигізетініне кезекті рет көз жеткіздім", - деп жазды министр.
Сондай-ақ, ол цифраландырудың тиімділігі жайында мысал келтірді:
Қаланы басқарудың ахуалдық орталығында жинақталған деректер жаңа ғимараттар құрылысына миллиондаған салымдардың мектептер мен балабақшалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін шешудегі жалғыз жолы емес екендігін көрсетті. Оқушылар немесе тәрбиеленушілер саны аз мектептер мен балабақшалардың бар екені анықталды. Демек, тиісті органдар жолдаманың біркелкі бөлінбеу себептерін анықтап, ұзын-сонар кезектің салдарымен күресіп қана қоймай, бұл мәселелерді болдырмау үшін жағдай жасауы қажет.
"Бұл Big Data талдауларының нақты нәтиже бергенінің бір көрінісі ғана. Сол себепті де, біздің министрлік жүзеге асырып жатқан жобалардың бірі - "Smart Data Ukimet" үлкен маңызға ие. "Smart Data Ukimet" жобасын енгізу кезінде "ауқымды" деректерді талдау жасанды интеллект технологиясы бойынша бүкіл республика аумағында және барлық бағыттар бойынша жүргізіледі, яғни экономикалық және әлеуметтік әсері әлдеқайда жоғары болады Бұл жоба Қазақстанға цифрландырудан - деректерге негізделген экономикаға көшуді жүзеге асырып жатқан дамыған мемлекеттердің үлгісінде дамуға мүмкіндік береді. Бізге дәл қазіргі уақытта осы бағытта дамуды жеделдету қажет, - деді Жұмағалиев.
Дүниежүзілік экономикалық форумының McKinsey & Company-мен бірлесіп өткізген зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес, алдағы 5 жылда осындай технологияларды енгізетін құрылымдар 2030 жылға қарай енгізетін құрылымдармен салыстырғанда 10 есе тиімдірек болмақ.
"Бұл Қазақстан үшін өте өршіл мақсат болғанымен, оған қол жеткізуге болады деп есептеймін. Өйткені, әріптестерімнің жобаны жүзеге асыруға деген құштарлығы мен қол жеткізген алғашқы нәтижелерін көріп отырмын", - деп түйіндеді ол.