Асқар Мамин Армения президентімен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына ХІІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Армения Республикасының президенті Армен Саркисянмен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына ХІІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Армения Республикасының президенті Армен Саркисянмен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында экономика саласындағы қазақстан–армян қатынастарының өзекті мәселелері, өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету перспективалары талқыланды.

Тараптар атап өткендей, өзара іс-қимылға Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын күшейту айтарлықтай серпін береді. Елдердің нарықтарына жасалған талдау химия өнеркәсібі, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара жеткізілімдерді ұлғайту мен сауда-саттықты әрі қарай кеңейту әлеуетін көрсетті.

Армения Президенті Армен Саркисян жасанды зердені, энергетиканы, логистиканы, авиацияны, ғарыш саласын, аргоөнеркәсіптік кешенді, қоршаған ортаны қорғау, білім беру және туризм саласын дамыту тұрғысынан цифрландыру салалары екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге қызығушылық тудыратынын айтты.

Өз кезегінде ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин экономикалық қарым-қатынастарды толыққанды форматта дамытуға, тауар айналымы көлемі мен инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға қызығушылығын білдірді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro