ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі қара мал басын көбейту және сиыр етінің өндірісін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, өңірлердің етті мал шаруашылығын дамыту бойынша әлеуеті туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, 2019 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі еліміз бойынша 2306 миллиард теңгені болы, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 12,5 пайызға артық.
Ірі қара мал (ІҚМ) басының саны 4 пайызға 7,4 миллион басқа, жылқы - 6,8 пайызға 2,8 миллион басқа, құстар - 2 пайызға 44,3 миллион басқа, қой - 2,7 пайызға 16,9 миллион басқа, түйе - 3,5 пайызға 214,8 мың басқа, шошқа - 2,9 пайызға 822,2 мың басқа көбейген.
Сойылған салмағындағы құс етінің өндірісі 16 пайызға 223 мың тоннаға, сиыр еті - 5 пайызға 501,4 мың тоннаға, жылқы еті - 4,3 пайызға 132 мың тоннаға, қой еті - 0,8 пайызға 152 мың тоннаға, шошқа еті - 0,3 пайызға 86 мың тоннаға дейін өсті.
2019 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға және саланың өнімділігін арттыруға 115,7 млрд теңге қаржы бөлінді. 840 отбасылық ферма 82,2 мың ірі қара мал басын сатып алуға несие алды.
2019 жылы желтоқсан айында Tyson Foods америкалық компаниясымен қол қойылған Қазақстандағы қазіргі агро-мультипротеин индустриясын дамытуға қатысу қағидалары туралы келісім етті мал шаруашылығын дамытуға зор серпін береді. Бірінші кезеңде ҚР-да өнімділігі тәулігіне 2 мыңға жуық мал басы болатын заманауи ет өңдеу кешенін салу жоспарланған. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімдерді шетел нарықтарына экспорттайтын болады, осылайша, еліміздегі жылдық ауыл шаруашылығының түсімін $1 млрд-тан астамға қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.
Кеңеске қатысушылар мал басының санын көбейту, оның өнімділігін арттыру шараларын, мал бордақылау алаңдарының жүктемеленуін қамтамасыз етуді және мал азығы базасын нығайтуды талқылады.
Үкімет басшысы Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.