Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Өзбекстан астанасына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Ташкентте Асқар Мамин Өзбекстан республикасының бірінші вице-премьері Рустам Азимовпен, осы елдің премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездеседі, сонымен қатар Өзбекстан республикасы президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Тараптар мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйін, өнеркәсіптік әріптестікті, көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты талқылайтын болады.
Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйектің 9 Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.
Шавкат Мирзиеев 2016 жылы 8 қыркүйекте Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев қызметінен өздігінен бас тартқанын мәлімдеген.
Еске салайық, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болған еді.