09 тамыз 2019 | 15:18

Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

ЕАҮК отырысына Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Армения Премьер-Министрі Н. Пашинян, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты.

Іс-шара басталмастан бұрын елдердің делегацияларының басшылары Қырғызстан Президенті С. Жээнбековпен кездесті. 

ЕАҮК отырысының қатысушылары интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою бойынша күн тәртібінің 15 мәселесін қарады. Тараптар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуын атап өтті.  

Үкіметтердің басшылары алкоголь, қаржы нарығын реттеу, ЕАЭО аясында кедендік әкелім бажын бөлу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың, өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың, Одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінің тұжырымдамалық мәселелері, сондай-ақ, Кеден Одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.  

"Қазіргі уақытта ЕАЭО туралы шарттың ережелерін ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша іске асыру, 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр", - деді А. Мамин. 

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, әлемдік экономикадағы қазіргі жағдайды ескере отырып, ЕАЭО елдерінің экономикаларының өсіміне оң әсер беру үшін өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл бағыт ЕАЭО-ның ортақ күн тәртібінде басты экономикалық міндеттердің біріне айналуы тиіс. 

Кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту және экономикалық өсудің тиімді құралдарының бірі "қарапайым заттар экономикасын" дамытудың бірлескен бағдарламасы болуы мүмкін.

"Бұл сектор жалпы өнімнің ЖІӨ-нің 1,5% дейін өсуіне мүмкіндік бере алады", - деп А. Мамин, Одақ елдері бойынша салалық кәсіпорындарды бөлудің цифрлық картасын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, электронды сауда платформаларын дамытудың қажеттігі аталып өтті. Аталған перспективалы әлемдік трендті пайдалану өзара сауданың өсуіне ықпал етіп, үшінші елдердің нарықтарына тауарлар экспортын ынталандыруға жол ашады. 

ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО-ның халықаралық көлік желісіне интеграциялану бойынша жоғары әлеуетін атап өтті. Одақ елдерінің аумағы арқылы транзит кезінде кедендік рәсімдерді жеңілдету шараларымен қатар, қазіргі уақытта әзірленіп жатқан ЕАЭО бірыңғай транзиттік жүйесі тиімді құрал болуы керек.

ҚР Үкіметі басшысының айтуынша, қаржы нарықтары, қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл салаларында ынтымақтастықты дамыту қажет. 

Осыған орай Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды. АХҚО аясында Қаржы технологияларының хабы құрылды, ол қаржылық технологиялар нарығында барлық өңірлік қатысушыларды біріктіру үшін жоғары сапалы инфрақұрылымның құрылуын қамтамасыз етеді. Хаб қаржылық технологиялар нарығына жаңа өнімдерді енгізуге және ынталандыруға мүмкіндік береді.

Осы саладағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ЕЭК пен АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Астана халықаралық қаржы орталығы арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети