Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.
Сапар барысында Асқар Мамин өңірдің өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындарын аралап, оларды әрі қарай дамыту мәселелеріне қатысты кеңес өткізді.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.М. Киров атындағы зауытта, ауыр машина жасау зауыты ("ПЗТМ" АҚ) мен ("ЗИКСТО" АҚ) кәсіпорнында болып қайтты. Аталған кәсіпорындар мұнай-газ және энергетика кешендерін, темір жолды қамтамасыз ету жүйелері мен жабдықтарын шығарады. Телекоммуникация саласы үшін техникалық, радиотехникалық құралдар, электронды жабдықтар жасалады. Вагондар, ашық вагондар, дәнді-дақылдар тасымалдайтын көлік, платформалар шығару мен дөңгелекті жұптар жасау және оны жөндеу жұмыстары іске асырылады.
"Мұнаймаш" АҚ-да Асқар Маминге механикаландырылған мұнай өндіруге қажетті ұңғымалық штангалық сорғыларды өндіруге мамандандырылған кәсіпорындардың жұмысы туралы есеп берілді. Сорғылар өздерінің эксплуатациялық-техникалық сипаты бойынша жетекші әлемдік үлгілерге сай келеді.
Өңірдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов пен ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов сөз сөйледі. Олар өңірдің өнеркәсіптік секторының қазіргі жағдайы мен даму келешегі туралы баяндады.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары өңірдің өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын әрі қарай жетілдірудің қажеттігін айтып өтті. Ол Солтүстік Қазақстан облысының "отандық машина жасаудың, экономиканың негізгі секторларына номенклатура шығарудың маңызды алаңы саналатын", үлкен әлеуетін баса айтты.
Жалпы, биылғы жыл басынан облыста 148,6 миллиард теңгеге немесе 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,3 %-ға өнеркәсіп өнімі шығарылған. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 374 миллиард теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,1 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысы дамуда, биыл 84,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 115,5 пайыз тұрғын үй пайдалануға берілген.
Солтүстік Қазақстан облысында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Астана-Петропавл-РФ шекарасы жобасы іске асырылуда. Аталған автокөлік жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары жолдың өткізу қабілетін ұлғайтып, трансшекаралық бағыттар бойынша жолаушылар мен жүк тасымалының жылдамдығын арттырады.
Көкшетау-Петропавл автожолындағы қозғалыс ашық. Автожол техникалық санаттың І және ІІ параметрлері бойынша салынған.
Іссапар аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, сондай-ақ Петропавл қ. халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Терминалды қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақындап қалған. Қала әуежайы жөндеу жұмыстары аяқталған соң халықаралық стандарттарға сай келетін болады. Сонымен қатар, Мамин "Green park" жобасымен танысып, пластиктен жасалатын өнім шығаратын "Радуга" ЖШС-нде болып қайтты.