10 қаңтар 2018 | 18:31

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Бұл қызметке Асқар Мырзахметов тағайындалды. 


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Бұл қызметке Асқар Мырзахметов тағайындалды. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін облыс әкімі қызметінде 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы болған. 


© primeminister.kz

Еске салайық, 2017 жылы желтоқсанда Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды. 2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын.

Асқар Мырзахметов бұған дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары "Оңтүстік" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети