Асқар Мырзахметов вице-премьер қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет отырысынан.
Асқар Мырзахметов вице-премьер қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет отырысынан.
"Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Құттықтаймын. Сізге жемісті еңбек тілеймін", - деді премьер-министр Кәрім Мәсімов.
"Енді міндеттерді бөлісу жағын ойластыру керек. Сіз ауыл шаруашылығы саласында жетекшілік етесіз. Сондықтан да, менің ойымша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған жер реформасы жөніндегі комиссиясының да жұмысын Мырзахметовке беру керек деп есептеймін. Сондықтан да келесі отырысты бірге жүргізулеріңіз керек, ары қарай өзіңіз жалғастырасыз", - деді Мәсімов.
Асқар Мырзахметов бұған дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары "Оңтүстік" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.
2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын.