Асқар Нұрымжанов "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асқар Нұрымжанов "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асқар Нұрымжанов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын "экономика және менеджмент" мамандығы бойынша, MBA бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес академиясын және DBA бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес мектебін тәмамдаған. "Іскерлік әкімшілдік докторы" академиялық дәрежесі бар.
"Қазақтелеком" АҚ-да жұмыс істеді, Ұлттық банктің ақпараттық технологиялар департаментін басқарды. Сондай-ақ "Қазақстан" РТРК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.