02 қыркүйек 2019 | 13:53

Асқар Шәкіров Сенат вице-спикері болып тағайындалды

Асқар Шакиров. Видео кадры Асқар Шакиров. Видео кадры

Асқар Шәкіров Сенат төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Асқар Шәкіров Сенат төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Асқар Шәкіровті вице-спикер қызметіне Дариға Назарбаева ұсынған. Сенаторлар оның ұсынысын бірауыздан қолдаған. 

"Өзімнің конституциялық құқықтарымды пайдалана отырып, Сенат төрағасының орынбасарлығына Шәкіров Асқар Оразғалиұлының кандидатурасын ұсынамын. Өздеріңіз білетіндей, Асқар Шәкіров - белгілі мемлекет және қоғам қайраткері. Көптеген уақыт бойы әртүрлі саяси лауазымдарда қызмет етті. Оның ішінде: елші, сыртқы істер министрінің орынбасары, Кеден комитетінің төрағасы, сонымен қатар омбудсмен болды. Аталған лауазымдарда жоғары дәрежеде қызмет етті. Заң ғылымдарының кандидаты, ағылшын, қытай тілдерін жетік меңгерген. Өз ісінің тәжірибелі маманы", - деді Дариға Назарбаева.

Асқар Шәкіров 956 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1990 жылдары Ішкі істер министрлігінде қызмет еткен. 1995-1996 жылдары Қазақстанның Кореядағы уақытша сенімді өкілі болған, арнайы миссияларда елші қызметін де атқарды. 

1998-2004 жылдар аралығында Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметін атқарды. Бірнеше рет Сыртқы істер министрлігінде вице-министр болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети