Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді 23 қараша 2022, 08:56

Астанадағы пәтерлердің бірінде шыққан өртте адамдарды құтқарып, өзі қаза тапқан өртсөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына білім гранты берілді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Астанадағы пәтерлердің бірінде шыққан өртте адамдарды құтқарып, өзі қаза тапқан өртсөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына білім гранты берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері өртсөндірушінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Ол өрт кезіндегі іс-әрекетімен ел алдындағы азаматтық борышына адалдық пен ерліктің нағыз үлгісін көрсетті.

Жоғары оқу орындарының ректорларына өртсөндірушінің отбасына грант бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды, екі жоғары оқу орны марқұм Асқар Забикулиннің балалары мен жесірі үшін білім гранттарын бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Солардың бірі - Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті. Университет Асқар Забикулиннің балаларына оқуды аяқтаған соң кез келген бакалавриат мамандығына грант бөлуге уәде берді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Балалар жазғы IT-лагерьге және университеттік жатақханада тұрумен университет базасындағы жазғы тіл мектебіне қатыса алады. Марқұмның жұбайы Анели Забикулинаға "Адам ресурстарын басқару" мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді.

Сонымен қатар, AlmaU батырдың жесірі Анели Забикулинаға MBA бағдарламасы бойынша оқуға толық грант бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Еске салайық, 20 қарашада өртсөндіруші Асқар Забикулин ауруханада жан тапсырғаны белгілі болды. Дәрігерлер бірнеше күн бойы құтқарушының өмірі үшін күресті.

Кеше Көкшетау қаласында жақындары ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Асқар Забикулинді соңғы сапарға шығарып салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram