21 маусым 2021 | 15:10

"Әскерде қызмет еткіміз келмейді". Нұр-Сұлтанда сарбаздар шағымынан кейін тергеу басталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Нұр-Сұлтан қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаздар шағымынан кейін тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаздар шағымынан кейін тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде рота жетекшісінің әрекетіне шағым түсірген сарбаздар жазбасы пайда болды. Жазба сипаттамасында әскери қызметкер "сарбаздарға кері әсер ететіні" жазылған.

"Біздің ротаға жақында ғана ауысып келсе де, ол адамнан шаршадық. Сарбаздарға кері әсер етіп, адамды моральдық және психологиялық тұрғыдан "қажытады": төмендетіп, жануарларға теңейді. Дөрекі сөздер айтып, балағаттайды: өзімізден бастап ата-анамызға дейін. Сарбаздар әскерде қызмет еткісі келмейді. Балағат сөз айтатындай ол кім?

Сонымен қатар, заңсыз бұйрықтар береді, мысалы "Рота соғыста" (бұл кезде сарбаздар тұтқындар секілді жерге жатып, қолдарын басына қоюы тиіс. Бұл бұйрықты әжетханада да береді). Тіпті "Рота, темекі" деп айғайлайды. 5 секундтың ішінде ешкім темекі бермесе, бізді заңсыз бұйрық беріп, қинайды. Біз мұндай қорлық үшін әскерге қызмет етуге келмедік", - делінген жазбада.

Сарбаздардың айтуынша, олар тегін берілуі керек киімдерді өз ақшасына алуға мәжбүр. Олар арнайы киім  жетпейтінін айтады.

"Күн жылынған соң, әр сарбазға екі іш киім мен жейде берілуі керек. Алайда әлі алмадық. Бұрынғы сарбаздардан қалған ескі іш киімдер мен жейдені киіп жүрміз. Олардың бояуы да кетіп қалған. Ал қызметтік киімдер 3-5 шақырту бойына мүлде ауыспаған. Қарапайым заттарды дүкеннен сатып аламыз, дегенмен ол да тегін берілуі тиіс. Айта берсек, ұзаққа созылады. Бізге жоғарыдан адал тексеріс қажет. Біздің қызмет еткіміз келмейді", - деп жазылған 5573 әскери бөлімі, 4 батальон, 12 рота сарбаздарының хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от zhaloby___astana (@zhaloby___astana)

Ұлттық ұлан хабарламаға қатысты пікір білдірді. Әскери бөлім командиріне тергеу тағайындағаны хабарланған. Тергеу негізінде әскери полициямен бірлесе отырып, бөлім сарбаздарынан әлеуметтік сауалнама алынған.

"Жиналған ақпаратты сараптау негізінде шағымда көрсетілген деректер дәлелденбеді. 12 рота старшинасы, ІІІ санат сержанты Смағұловқа оң сипаттама берілді. Өз саласының тәжірибелі қызметкері. Ұлттық ұлан басшылығы мен әскери бөлім командирінен алған марапаттары да бар. Ұлттық ұланда 2004 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, ұлы бар. Қызмет барысында қол астындағы сабраздарға қатысты дөрекі қарым-қатыс байқалмады, - деді Ұлттық ұлан баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети