Әскердегі қару-жарақтың дені кеңес дәуіріндегі техника - Тоқаев

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскердегі қару-жарақтың дені кеңес дәуіріндегі техника - Тоқаев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік техникасын жаңартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік техникасын жаңартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кездесу өткізді.

"Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет", – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.  

Мемлекет басшысы әскердің шұғыл әрекет ету қабілетін арттырып, әскери-транспорттық авиацияның әлеуетін күшейту қажет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, әскери борышты өтеу міндетінің беделін көтеріп, абыройын арттыру қажет.  

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының сабақтарын ескере отырып, Қару-жарақ және әскери техника сатып алу жөніндегі 2022 жылға арналған жоспарды қайта қарауды және Қарулы Күштердегі кадрлық әлеуетті арттыру шараларын қабылдауды тапсырды.

Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрін сынға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети