Әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру: жаңа функция іске қосылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру: жаңа функция іске қосылды Фото:elements.envato.com

Әскерге шақырылатын қазақстандықтар өзінің әскерден босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы мәртебесін SMS арқылы біле алды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскерге шақырылатын қазақстандықтар өзінің әскерден босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы мәртебесін SMS арқылы біле алды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдат Мусин Instagram-парақшасында жаңа функцияның бүгін, 1 наурызда қолжетімді болғанын айтты.

"Бірнеше ай бұрын елордалық әскери комиссариаттардың біріне барып, Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен бірге осы саланы цифрландыру жоспарларын талқылағанбыз. Сонда көтерілген мәселелердің бірі - әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдыру мақсатында талап етілетін анықтамалардан арылту болатын. Ол үшін бірнеше жүйені біріктіру қажет еді. Араға уақыт салып, бірлескен жұмыстың арқасында нәтижеге қолжеткіздік. Мәселен, биыл 1 наурызынан бастап азаматтар толып жатқан анықтамалар мен құжаттарды ұсынбай, әскери қызметті өткеру туралы өз мәртебесін бір жүйеден біле алады", - деп жазды министр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

Министрдің айтуынша, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қазақстандықтарды әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы ақпарат беретін проактивті мемлекеттік қызметті іске қосқан.

"Әскерге баруға міндетті ер адамдарға, яғни 18-27 жастағы азаматтарға әскерден босату немесе кейінге қалдыру бойынша тиісті ақпарат телефондарына хабарлама ретінде жолданады. Мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар ғана хабарлама алатынын атап өтемін", - делінген жазбада.

Қазірде 300 мыңнан аса әскерге шақырылушы 1414-тен ЅМЅ хабарламалар алып үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети