Әскерге шақырудың жаңа ережелері: қазақстандықтарды қыркүйекте не күтеді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскерге шақырудың жаңа ережелері: қазақстандықтарды қыркүйекте не күтеді? Midjourney

Қазақстанда әскерге шақыру тәртібі өзгереді. Қыркүйектен бастап SMS-хабарламалар дәстүрлі шақыру қағазына теңестіріледі. Өзгерістің қалай жүзеге асатынын Қорғаныс министрлігі түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда әскерге шақыру тәртібі өзгереді. Қыркүйектен бастап SMS-хабарламалар дәстүрлі шақыру қағазына теңестіріледі. Өзгерістің қалай жүзеге асатынын Қорғаныс министрлігі түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"SMS"-те не болады?

Әскери қызметке шақырылуы мүмкін азаматтар SMS-шақыртуды белгіленген күннен 3 күн бұрын алады. Онда әскерге шақырылушыға көрсетілген мекенжай бойынша әскери комиссариатқа барып, медициналық тексеруден өту қажеттігі туралы хабарлама болады. Медициналық тексерістен кейін шақыру комиссиясы шешім қабылдайды. Сондай-ақ SMS-хабарлама азаматтың eGov порталындағы жеке кабинетіне де жіберілуі мүмкін.

Бірнеше нөмір болса?

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, егер азаматқа бірнеше абоненттік нөмір тіркелген болса, SMS олардың әрқайсына жіберіледі. Осылайша шақыру қағазын өткізіп алмауы үшін жағдай жасалады.

"Егер азаматтың мобильді телефоны туралы деректер (eGov-та тіркелген нөмірді қоса алғанда) болмаса, шақыру қағазы қолхатпен жеке өз қолына тапсырылады немесе тіркеу мекенжайына, уақытша тұратын жеріне не жұмыс орнына пошта арқылы жеткізіледі", – деп хабарлады министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Қағаз түріндегі шақыруды әскери комиссариат қызметкерлері, ұйым басшысы немесе пошта курьеры табыстауы мүмкін. Сонымен қатар министрлік электрон шақыру енгізілгеннен кейін де қағаз түріндегі шақырудан бас тартылмайтынын атап өтті.

Жаңа ережелер қашан күшіне енеді?

Шілдеде Президент әскери қызмет мәселелеріне қатысты түзетулерге қол қойды. Олар 60 күннен кейін, яғни биылғы 16 қыркүйекте күшіне енеді. Осы күннен бастап қазақстандық әскерге шақырылушылар SMS-хабарлама ала бастайды.

Қазақстандағы күзгі әскерге шақыру

Биыл күзгі шақыру 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін өтеді. Бұрын ол 1 қазанда басталатын, алайда Қорғаныс министрлігі жаңа ережелерді бекітті.

Еске салсақ, жуырда Қорғаныс министрлігі Қазақстанда әскери қызметке шақырудың жаңа қағидаларын мақұлдады. Атап айтқанда, құжат Қазақстан азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай тәртібін енгізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети